Мектебімізде әр сенбі сайын тәрбиелік мәні бар фильмдер көрсетіліп, оқушылар мен ата-аналарға арналған пайдалы талқылаулар ұйымдастырылады.
Осы сенбі 4-сынып оқушылары мен ата-аналарымен бірге «Менің атым Қожа» фильмін тамашаладық.
Бұл — жай кино көру емес, бала мінезін түсінуге, ата-ана мен ұстаздың рөлін терең ойлануға жетелеген ортақ талқылау болды.
Фильм арқылы оқушылар жауапкершілік пен шындықты, ата-аналар түсіну мен сенімнің маңызын, ал ұстаздар әр баланың жүрегіне жол табу қажеттігін сезінді.